Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында пайшылардың жер теліміндегі үлестерін алдау жолымен сату арқылы алаяқтыққа барды деген бұрынғы СҚО әкіміне қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Сот үкімі Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотында шығарылды. Сотта әкімнің заң бұзушылығы анықталып, жер комиссиясының шешімінің күші жойылды.
Іс материалдарына сәйкес, Ескендіровтің сыбайластарымен бірге ЖШС-ға қатысушылардың рұқсатынсыз жалған хаттамалар жасағаны белгілі болды. Бұл құжаттар Бурабай ауданы тұрғындарына тиесілі жер телімдерін кепілге беруге пайдаланылған. Салдарынан жер телімдері тартып алынып, сыбайлас кәсіпорынның иелегіне өткен.
Соттың қаулысымен И-дің талабы қанағаттандырылып, жер телімін беруден бас тарту бөлігіндегі жер комиссиясының шешімі заңсыз деп танылды, оның күші жойылды және И-ға жер телімін беру міндеті жүктелді.