Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуде көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысы үшін 71 мың тонна дизель отыны бөлінгенін хабарлады дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Жалпы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мұнай өңдеу зауыттарында бағасы тоннасына 212 мың теңгеден 400 мың тонна дизель отыны бөлінді. 71 мың тонна дизель отыны ел бойынша барлық көлемнің бесінші бөлігін құрайды.
Айта кететін жайт, қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер нарығын реформалау бөлігінде мынадай шаралар пысықталуда:
- байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы алаңын, ЖЖМ-ға қажеттілікті көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру;
- отын бөлу үшін электронды-ақпараттық жүйені енгізу. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне мұнай базаларынан немесе ресурс ұстаушылардан мұнай өнімдерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.