"Солтүстік - Оңтүстік" дәлізі елімізге не береді? – министр жауабы

Бүгiн, 12:44
219
Бөлісу:
"Солтүстік - Оңтүстік" дәлізі елімізге не береді? – министр жауабы
Фото: gov.kz

Ресей мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артады. Бұл туралы Үкіметте Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, бүгін Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин мен Үкімет басшысы Олжас Бектенов кездесті. Үкімет басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастық пен іске асырылып жатқан жобаларды талқылады.

Бірге іске асырғалы отырған жобаларымыздың бірі "Солтүстік - Оңтүстік" көлік дәлізі. Яғни Ресей Федерация мен Беларусь еліндегі тиісті жүктерді Қазақстан арқылы Түрікменстанға және одан әрі қарай тасымалдау мәселесі. Ол үшін теміржолға тиісті 50 пайыздық жеңілдіктер берілді. Мұның нәтижесінде осы жолдағы жүк саны артады деп отырмыз. Оған қоса, су көлігі саласында да бірқатар ынтымақтастық бар. Жалпы көліктік дәліз шеңберінде Ресейден келе жатқан жүктер Ақтау және Құрық порттарын қолданбақ. Соның аясында еліміздегі порттарға тереңдету жұмыстарын жүргіздік. Бұл бастама - жүк тасымалының ұлғаюына мүмкіндік береді, - дейді Марат Кәрімжанұлы.

Сондай-ақ Көлік министрі тағы бір ауқымды жобаны атады. Ол - "Бақты - Аягөз" теміржолын салу.

Бұл тарапымен Қытай Халық Республикасымен үшінші теміржол тармағы болмақ. Жоба транзиттік жүктерге бағытталған және бүгінгі оның құрылысын бастап отырмыз. Бірнеше инвестормен жоба алға жылжыту және қаржыландыру мәселесін талқылап жатырмыз. Құрылысты Қазақстан өз есебінен іске асырып жатыр, - дейді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы