Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді

26 Ақпан 2021, 01:20
1313
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО бас мемлекеттік санитар дәрігер Әсет Жұматаевтың жаңа қаулысына сәйкес, енді мешіттерде бес мезгіл намаз оқуға рұқсат етілді. 

Ескеретін жайт, сыйымдылығын 30%-дан, келушілер санын 100-ден асырмау қажет. Ал жұма намазын тек ауылдық жерлерде ғана, адам санын 30-дан асырмай өткізуге болады. 

Мәдени нысандардың жұмысына рұқсат берілді, алайда топтағы адам саны 50-ден аспауы қажет. Кітапхана, музейлер ашылады. Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері сағат 10:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Түрлі базарлар жексенбіден басқа күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін ашылады. Бірақ сауда орындары келушілер санын 30%-дан асырмай, 4 шаршы метрде 1 адамның болуын қадағалауы қажет. Балаларға арналған түрлі орталықтардың, кабинеттердің жұмысы жанданады.

Бассейндерде жеке адаммен жұмыс істеуге рұқсат берілді. Қоғамдық моншалар, сауналар сағат 9:00-ден 00:00-ге дейін адам санын 50-ден асырмай, 4 шаршы метрде 1 адамның болуын қадағалай отырып жұмыс істейді. Қоғамдық тамақтану орындарына сағат 7:00-ден 00:00-ге дейін санитарлық талаптарды сақтай отырып, яғни келушілердің санын асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ұжымдық, көңіл көтеру іс-шараларын өткізуге әлі де тыйым бар. Театрлар сағат 9:00-ден 00:00-ге ашылады. Келушілер санын 30%-дан асырмау керек.

Өзгелердің жаңалығы