Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Корея жаңа зымыран кешенін сынақтан өткізіп, жақын қашықтыққа 2 ракета ұшырды, деп хабарлайды 24.kz.
Олар 400 шақырымдай жерге жетіп, Жапонияның экономикалық ауданына барып түсті. Пхеньян сынақтың сәтті өткенін айтады. Оны Ким Чен Ынның өзі бақылаған.
Айта кетейік, Солтүстік Корея бұған дейін де бірнеше зымыран ұшырған болатын. Ал өткен айда Пхеньян Вашингтоннан биылғы жылдың соңына дейін ядролық қарусыздану бойынша ұстанымын өзгертуге шақырды. Себебі, екіжақты келіссөз әлі нәтиже берген жоқ.