Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстікқазақстандық диқандар биыл орта есеппен гектарынан 16,8 центнерден астық жинады. Ауа райы шаруалар үшін қолайлы болмағанмен, егін бітік шықты, деп хабарлайды 24.kz.
Биыл өңірде бидай 2,8 миллион гектарға егілді. Бүгінде 7 ауданның диқандары маңызды науқанды межеледі. Жалпы алқаптың 97%-дан астамы орылды. Қалғаны ауа райы қолбайлау болмаса, бернеше күнде қамбаға құйылады."Лицензиялы элеватор жұмыс істеп жатыр. Онда 827 мың тоннадан артық астық тиелді. Және ол жұмыс әлі де жалғасуда. Элеватордағы астықтың 37%-і үшінші сұрыпты бидай. Былтырғы жылға қарағанда ол 8%-ке артық. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 41 миллиард теңге субсидия төлену жоспарда болса, қазіргі уақытта оның 32 милиларды төленді", - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маманы Наргиз Ақжігітова.
Баға да биыл шаруаларды қуантып отыр. Азық-түлік корпорациясы астықтың бір тоннасын 70-76 мың теңгеден сатып алып жатыр. Мұнымен қоса, солтүстіктің сары алтыны Өзбекстан, Тәжікстан, Иран, Ауғанстан елдеріне де экспортталады.