Солтүстiк Қазақстанда аутизм орталығы ашылды

3 Қазан 2019, 23:04
1944
Бөлісу:
Солтүстiк Қазақстанда аутизм орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл СҚО әкiмiнiң есептiк кездесуiнде ата-аналар аутизм орталығын ашуды сұраған болатын. Жергiлiктi билiк бұл мәселенiң шешiлуiне баса мән бердi. Бүгін осы аутизм орталығы ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты. 

«Бұл орталықты ата-аналар мен балалар асыға күттi. Қарашада барокамера алынады. Бұл қондырғы балаларға өте қажет. Ендi басқа өңiрлерге барудың қажетi жоқ», - дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов. 

Орталықта балаларға барлық жағдай жасалған, инновациялық әдiстер бар, бiлiктi мамандар жұмыс iстейдi. Мұнда балалар кешендi оңалту өтiп, бiлiм алады 
Петропавлда қазiр 3 инклюзивтi кабинет бар, жыл соңына дейiн әр ауданда ашылады. Биыл 200 мұғалiм арнайы дайындықтан өттi. Бұның барлығы балаларды әлеуметтiк өмiрге бейiмдеп, елiмiздiң толыққанды азаматтарын қалыптастыруға септiгiн тигiзбек.
Өзгелердің жаңалығы