Солтүстік Қазақстанда аудан әкiмдерi сылбыр жұмысы үшiн сөгiс алды

16 Қазан 2019, 03:49
4623
Бөлісу:
Солтүстік Қазақстанда аудан әкiмдерi сылбыр жұмысы үшiн сөгiс алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО әкiмдiгiнiң отырысында өңiрдiң 9 айдағы әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң қорытындылары талқыланды.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ауыл шаруашылығында өсiм бар, алайда қайта өңдеу саласына көңiл бөлген жөн дедi өңiр басшысы. Облысқа 152 млрд теңге инвестиция құйылды. Жыл соңына дейiн 240 млрд.тг тарту көзделген, өсiм 9% болмақ. Құрылыс саласында керiсiнше сылбыр жұмыс байқалады. Кейбiр аудандар көрсеткiштердi орындамай отыр.

"Жемiстi жұмыс жоқ. Ақша бөлiнуде, нәтиже жоқ. 1 жарты жылдықтың қорытындысы бойынша көрсеткiштерге қол жеткiзбеген аудан әкiмдерi сөгiс алды. 9 ай бойынша да аппарат тиiстi ұсыныстарды жасасын. Қайта жаза алса, бұл лауазымына сәйкес емес дегендi бiлдiредi. Бұл жағдайда қызметiнен кету туралы арызды жазып, кету керек. Бұл басқармаларға да қатысты", - дедi облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Айта кетейiк, 6 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердi орындамаған Шал ақын, Жамбыл және Мамлют аудандарының әкiмдерi сөгiс алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы