Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Cолтүстік Қазақстан облысында өткен құтқарушылар мен өрт сөндiрушiлерге арналған жаңа техника көрмесiнде белгілі болды.
Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, биыл көп жылдардан берi жаңадан арнайы техника алуға 640 млн теңге бөлiндi. Өрттi сөндiруге және құтқару жұмыстарын жүргiзуге 9 дана техника алынды. Өңiр басшысы бұл техниканың шұғыл қимылдауға қажет екенiн атап өттi.
"Облыста 700 мың гектар орман бар. Бiзге бұл байлықты қорғау керек. Көктемгi тасқын кезде құтқарушылар жылдам жұмыс iстеулерi тиiс. Ол үшiн заманауи техника керек. Бұл барлық жерде жүретiн машиналар. Жаңа техника шұғыл қимылдауға мүмкiндiк бермек. Соңғы екi жылда 10 өрт сөндiру машинасын алдық", - дедi облыс әкімі Құмар Ақсақалов көрменің ашылуында.
Сондай-ақ Петропавлда "Береке" ықшам ауданында жаңа депо салу көзделген. Бұл қаланың шеткi аудандарында жылдам қимылдауға әсер етпек.