Соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтен әкелінген құрал-жабдықтан құрастырылған зауытқа 80 жыл толды

9 Маусым 2022, 16:15
2624
Бөлісу:
Соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтен әкелінген құрал-жабдықтан құрастырылған зауытқа 80 жыл толды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 1942 жылы арақ-шарап зауыты негізінде құрылған «Рахат» кондитерлік фабрикасы бүгінде Алматы мен Шымкенттегі үлкен өндіріс орнына айналған.

Бүгін Алматыдағы «Лотте Рахат» фабрикасында болып, ондағы жұмыс барысымен таныстық. Екі қалада  орналасқан өндіріс орыны 4500 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Соғыс кезінде алғашқы кондитерлік цех 900 тонна шоколад шығарған екен, ал 1970 жылы қайта құру жұмыстарынан кейін өндіріс көлемі он есе артып, 30 мың тоннаға жетіпті. 2021 жылғы жағдай бойынша фабрика 8 ел үшін 65 881 тонна шоколад шығарады екен. Отандық өнім Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Армения, Әзербайжан, Қытай және Германия нарығына шығарылады. Биылдан бастап Грузия мен Израиль еліне алғаш рет жеткізіліпті. Дегенмен, экспорт үлесінің 62%-ы Ресейге тиесілі, Қырғызстанға – 15%, Өзбекстанға - 14% келеді.

Соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтен әкелінген құрал-жабдықтан құрастырылған зауытқа 80 жыл толды

«Лотте Рахат» АҚ басқарма төрағасы  Константин Федорецтің айтуынша, фабрика елімізді сапалы кондитерлік өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, экономикаға да елеулі үлесін қосып жатыр.

Соңғы сегіз жылда кәсіпорынның дамуына 72 миллион доллар көлемінде инвестиция құйылды. Компанияның 2020-2021 жылдардағы салықтық төлемідері 12 миллирд теңгеге жуық. 2020 жылы басталған пандемия, қазіргі геосаяси ахуал сияқты ауыртпалыққа қарамастан фабрикамыз жаңа өнімдер шығаруды тоқтатқан емес. Үнемі ізденісте жүреміз, соның арқасында нарықтағы ең ірі ойыншылардың бірі болып отырмыз. Біз нарықта жоқ өнімдерді шығаруға тырысамыз,-деді  ол.

Соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтен әкелінген құрал-жабдықтан құрастырылған зауытқа 80 жыл толды

Сонымен қатар ол кондитерлік өнім шығаруда қажетті шикізат соңғы жылдары қатты қымбаттағанын, оның бәрі өнім бағасына әсер ететінін жеткізді.

Әлемдегі геосаяси жағдай Қазақстанның нарығына шикізат жеткізу үрдісі мен бағыттарына әсерін тигізгені құпия емес. Біз шетелдік валютада сатып алатын құрамдастардың құны айтарлықтай өсіп кетті. Дегенмен, осындай шығындардың көп бөлігін біз өзіміздің ішкі қорларымыз, пайданың бір бөлігі есебінен өтеп отырмыз. Мәселен, әлемде астық 100 пайызға қымбаттаса, қант 90 пайызға қымбаттады,-деді басқарма төрағасы.
 

Соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтен әкелінген құрал-жабдықтан құрастырылған зауытқа 80 жыл толды
Соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтен әкелінген құрал-жабдықтан құрастырылған зауытқа 80 жыл толды
Өзгелердің жаңалығы