Содырлар көшеге шыққан бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды - прокурор

16 Қаңтар 2022, 20:57
1283
Бөлісу:
Содырлар көшеге шыққан бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды - прокурор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев содырлар қаладағы қару дүкендерін тонап, құқыққорғау органдарына шабуыл жасай отырып, тұрғындарға сес көрсеткенін айтты.

Біз оларды ашуға бұлыққан қарапайым шерушілер деп ойладық. Сондықтан оларға қатысты қару қолданылмады. Қазір олардың наразылық акцияларын өз мақсаттары үшін қолданғанын түсіндік. Олар көшеге шыққан бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланды. Қылмыскерлер жасаған қатігездікті көріп қарапайым халық үйлеріне тарады деп сенемін. 5 қаңтардан бастап қалада бандиттер  мен терраристер қылмыс жасады. Бейбіт шеру осымен аяқталған болаты,-деді Жүйріктаев.

Осы уақыттан бастап құқыққорғаушылар терраризм актілеріне тап болған.

Қала әкімдігі, Президент резиденциясы мен әуежайды басып алды. Олардың алдын ала дайындалғаны және қатыгездігі өз сипатын көрсетті. Өкінішке қарай құрбан болғандар бар. Азаматтардың тыныштығын қорғау жолында және бүлік кезінде қаза тапқан барлық азаматтардың туыстарына қайғырып көңіл айтамын,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы