Сочи су астында қалды

24 Шілде 2022, 14:21
1328
Бөлісу:
Сочи су астында қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сочи курорттық қаласында қатты нөсер жауып, жолдар мен ғимараттардың бірінші қабаттарын, сондай-ақ кейбір үйлердің аумағын су басты, қаланың кейбір аудандарында электр қуаты өшіп қалды, деп хабарлайды «Кубань» жергілікті телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, қаланың Хостинский ауданында орналасқан Бзуга өзеніндегі судың деңгейі қолайсыз деңгейге дейін көтерілген. 

Федералды БАҚ, соның ішінде «Интерфакс» агенттігі Сочи әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, өзеннің жағалауынан шығып кеткенін жазады. Оның мәліметінше, қауіпті құбылыстардың сенсорлары Хоста, Мацеста, Бзуга, Кудепста барлығы төрт өзенде жұмыс істеген. Синоптиктер кейбір су қоймаларындағы су қауіпті деңгейге дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ең көп зардап шеккен қаланың Орталық және Хостин аудандары. Лазаревск және Орталық аудандарда электр қуатын беру үзілген. Мацеста ықшам ауданы мен көршілес Монастырь және Солохаул ауылдары да су астында қалды.

Өзгелердің жаңалығы