Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік транспорты комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстанда 2020 жылдың 7 айында 5 млн тонна астық тасымалданды. Бұл жоспардағы көрсеткіштің 104%-на тең.Оның ішінде республикаішілік қатынаста 1 430 мың тонна, (осы кезеңге 114%), экспорттық қатынаста - 3 644 мың тонна (101%) тасымалданды, - делінген ақпаратта.
2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қазақстандық операторлардың теңгерімінде шамамен 9 096 мың бірлік астық тасығыш бар.