Смайыловтың төрағалығымен энергетикалық кеңес отырысы өтті

16 Қаңтар 2024, 18:14
379
Бөлісу:
Смайыловтың төрағалығымен энергетикалық кеңес отырысы өтті
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз», KEGOC және басқа да ұйымдар басшыларының қатысуымен Энергетикалық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Республиканың өнеркәсіптік кәсіпорындары мен халқын газбен тұрақты түрде қамтамасыз ету, QazaqGaz компаниясының жедел қызметі, сондай-ақ мұнайды магистральдық құбырлар арқылы ішкі нарыққа тасымалдау мәселелері талқыланды, - делінген хабарламада.

Жиын қорытындысына сәйкес Премьер-министр мемлекеттік органдарға тиісті бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы