Смайылов жұмыс сапарымен Сочиге барды

7 Маусым 2023, 17:13
540
Бөлісу:
Смайылов жұмыс сапарымен Сочиге барды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЕАЭО және ТМД аясында өтетін бірқатар іс-шараға қатысу үшін жұмыс сапарымен Сочи қаласына (РФ) барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында: қатысушы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын; көлік инфрақұрылымын дамыту; теміржолдағы жүк тасымалдарын цифрландыру;

ЕАЭО шеңберінде климаттық және цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы барысында Достастықтағы экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша талқылау өтеді.

Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және ынтымақтастықтың бірқатар өзекті бағыты бойынша бірлескен шараларды іске асыру мәселелерін қарау жоспарланған.

Іс-шаралар алаңында Әлихан Смайылов екіжақты кездесулер өткізеді деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы