Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ысыраппен өтетін шенеуніктердің тойына бармайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның пікірінше, “ас та төк” той – этикаға қайшы.
Бізде кейбір мемлекеттік қызметшілер баласының немесе өзінің тойын дүркіретіп, байлығын көрсетіп өткізеді. Бұл қаншалықты дұрыс? Этикаға сай ма? – деп сұрақ қойды журналист.
Әлихан Смайылов мұндай салтанатты қолдамайтынын ашық айтты.
Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Дұрыс емес. Өзім ондайды қолдамаймын. Ондай тойға бармаймын да. Артықшылықты көрсету – дұрыс емес, – деді ол.