Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің алдында тұрған міндетті атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Алдымызда тұрған басты міндет – жыл қорытындысы бойынша инфляцияны 2 есеге, яғни 9,5%-ға дейін төмендету. Бұл үшін қажетті құралдардың бәрі бар. Біз бұл туралы бірнеше рет айттық, - деп айтты Премьер-министр Үкімет отырысында.
Оның сөзінше, барлық күш-жігерді Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға жұмылдыру керек.
Қаржылық тәртіпті күшейту және мемлекеттік бюджет шығысының тиімділігін арттыру маңызды. Біз экономиканың өсу қарқынын сақтап қалу үшін бар күшімізді салуымыз керек, - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы орынбасарларына жетекшілік ететін салалар бойынша нақты үйлестіру мен бақылауды ұйымдастыруды тапсырды.