Смайылов санаққа тиісті деңгейде дайындалмай жатқан өңірлерді атады

24 Тамыз 2021, 09:58
3705
Бөлісу:
Смайылов санаққа тиісті деңгейде дайындалмай жатқан өңірлерді атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты.

Біз халық санағын БҰҰ жариялаған 2020 жылғы халық және тұрғын үй қоры санақтарының дүниежүзілік раунды аясында өткіземіз. Санақ барлық елде өткізіледі. Биыл әлемнің 61 елінде санақ жүргізу жоспарланған. Білім беру, көші-қон, неке жағдайы, бала туу, дінге деген көзқарас, табыс, тілдерді меңгеру дәрежесі, адамның тыныс-тіршілігін шектейтін факторлардың болуы сынды мәселелер туралы ақпарат алуға жаппай санақ қана мүмкіндік береді, - деді ол.

Смайылов цифрлық технологиялардың, планшеттердің енгізілуіне байланысты санақ 2019 жылғы санақ шығынына қарағанда 2,6 есеге арзан болып отыр.

Бұл ретте деректердің сапасы мен ақпаратты жинаудың жеделдігі айтарлықтай жақсарады. Санақтан кейін планшеттер мектептер мен ауруханаларға беріледі. Санақ жүргізу бүкіл қоғамның қатысуын талап ететін ауқымды іс-шара. Талдау, кейбір өңірлерде, атап айтсақ, Маңғыстау, Қарағанды, Шымкент қаласында және Қарағанды облыстарында тиісті деңгейде жүргізілмей жатқаны айқындалады. Жергілікті атқарушы органдар санақтың дұрыс өтуін қамтамасыз етуі қажет, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы