Смайылов қант бағасы туралы: ертерек анықтап, алдын-алу  керек

16 Тамыз 2022, 10:39
1036
Бөлісу:
Смайылов қант бағасы туралы: ертерек анықтап, алдын-алу  керек

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов қант бағасының шарықтауына байланысты нақты тапсырма бергенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәселен, өткен аптада монополияға қарсы агенттікке қанттың қымбаттауы мен тапшылығына қатысы болуы мүмкін компания  қызметін тексеруге  тапсырма бердім. Бұл проблеманың көтерілгеніне біраз болды. Сондықтан, мұндай жағдайды жауапты органдар ертерек анықтап, алдын-алу  керек, - деді Премьер-министр.

Премьердің айтуынша, инфляцияны тежеу үшін қажетті құралдар бар. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оларды тиімді пайдалануы тиіс.

Тағы да назар аударатын жағдай – өңірлердегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысын жандандырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға үстемесінің 15% мөлшерінде болуын ерекше бақылауда ұстауы керек. Сондай-ақ,әкімдіктер ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу үшін келісім-шарттардың уақтылы жасалуына да бақылауды күшейту керек, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы