Смайылов: IT нарықты дамыту үшін ЕАЭО елдеріне ортақ сенімді платформа керек

3 Ақпан 2023, 12:29
1335
Бөлісу:
Смайылов: IT нарықты дамыту үшін ЕАЭО елдеріне ортақ сенімді платформа керек
Фото: Фото: Digital Almaty

Digital Almaty форумы аясында ЕАЭО елдері Үкімет басшыларының қатысуымен пленарлық отырыс өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов форум қатысушыларының алдында сөз сөйледі. 

Алматы – Қазақстанның цифрлық астанасы. IT компаниялардың 60%-ы осы қалада орналасқан. Алматы креативті жастарды тартудың жағымды ортасына айналды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық трансформацияның міндетін анықтады. IT саласына қолайлы жағдай жасау, адам капиталын дамыту экономиканың бәсекеге қабілеттіліген қамтамасыз етеді. Үкімет жыл сайын цифрлық технологиялардың экономикаға және ЖІӨ-ге қосатын үлесін арттыру үшін бар күшін салады. Бұл форум Еуразиядағы маңызды IT оқиғалардың біріне айналды, мұны әріптестерім – үкімет басшыларының қатысуы растайды. Биыл іс-шараның ауқымы кеңейе түсті, - деді премьер-министр.

Ол Digital Almaty форумында шетелдік жүзден астам стартап жобаларын таныстырып отырғанын, тағы жүздейі Astana Hub battle-ға қатысып жатқанын айта кетті. ыр. Шара аясында робототехникадан да шешімдер ұсынылып отыр. 

IT нарықты дамыту үшін, әріптестік жасау үшін бізге ортақ сенімді платформа керек. Astana Hub оған мысал бола алады. Ол жергілікті деңгейде ғана емес, аймақтағы белсенді ойыншыға айналды. Оның институциялық базасы нағыз IT нарықты дамытудың драйвері болып отыр. Бұл жерде он елдің мыңнан астам резиденттері IT өнімдерін шығару арқылы 16 мыңнан астам жұмыс орнын ашты. Автономды кластерлік қорыммен бірлесе "Инновациялыө технологиялар паркінде" Қазақстанның өндірістік кәсіпорындары мен IT нарығын біріктіретін экожүйе құрылды. Қормен индустрияның 4.1 қауіпсіздік, өнеркәсіп, геология, металлургия салалары бойынша дамуға 36 миллион долларды құрайтын 187 жоба қаржыландырылды, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы