Смайылов инфляцияның неге өсіп келе жатқанын түсіндірді

12 Шілде 2022, 21:44
1403
Бөлісу:
Смайылов инфляцияның неге өсіп келе жатқанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұру үшін Үкімет қандай істер атқарып жатыр?

Үкімет басшысы  «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында осы мәселе жөнінде айтты.

Ең алдымен инфляцияның өсуі дүниежүзінде болып отырған жағдай. Мысалы, АҚШ-та бағаның өсуі 8,8 пайызға жетіп отыр. Еуро Одақ мемлекеттерінде инфляция деңгейі 8,6 пайыз. Көршілес елдерде де баға өсіп жатыр. БҰҰ ұйымының жанындағы азық-түлік ұйымының дерегінше, әлемде азық-түлік бағасы бір жыл ішінде 34 пайызға өскен. Бұл үдеріс пандемиядан басталды. Одан кейін де әртүрлі геосаяси жағдайлар болып жатыр. Әр мемлекет әртүрлі шектеулер қойып жатыр. Логистикалық мәселелер де бар. Салдары бағаның өсуіне әкеліп отыр, - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр біздегі инфляция деңгейі 14,5 пайызға жеткенін айтты.

Олардың негізсіз өсуіне жол бермеу үшін оларды төмендету үшін біз арнайы іс-қимыл жоспарын қабылдап, жыл басынан бері іске асырып келеміз. Ең жүйелі шара ол ішкі нарықты толығымен отандық өніммен қамтамасыз ету, - деді Премьер-министр. 

Өзгелердің жаңалығы