Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң жобасын әзірлеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді, – деп хабарлады primeminister.kz.
Заң жобасында жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерінің түрлері, оларды қолдану негіздері және басқа да ережелер қарастырылған. 18 заңнамалық актіге – 7 Кодекс пен 11 Заңға түзету енгізу жоспарланған. Үкімет басшысы Заң жобасын осы жылдың 4 ақпанына дейін Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізуді тапсырды.
Заң жобасын талқылауға жұртшылық пен сарапшыларды тартуды тапсырамын, – деді Әлихан Смайылов.