Смайылов: 1,2 млн азаматтық қызметкердің жалақысын 2 есеге арттыру міндеті қойылды

31 Тамыз 2023, 12:10
771
Бөлісу:
Смайылов: 1,2 млн азаматтық қызметкердің жалақысын 2 есеге арттыру міндеті қойылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлермен бірлесіп, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары іске асырылуда. Қазіргі уақытта жаңа, бос және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 600 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Олардың жартысы – жастар, - деді премьер-министр.

Президенттің жастарды және халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамту мәселелері туралы тапсырмалары ерекше орын алады.

Жастардың жас шамасы 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде 5,7 млн адам мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады. Биыл олардың 9 мыңға жуығы, соның ішінде әлеуметтік осал топтардағы жастар, 2,5%-пен жеңілдікті кредиттер, өтеусіз гранттар алып, өз істерін ашты, - деді ол.

Смайылов жыл сайын мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы өсіп отырғанын айтты.

1,2 млн азаматтық қызметкердің жалақысын 2 есеге арттыру міндеті қойылды. Сондықтан біз жыл сайын мұғалімдердің жалақысын 25%-ке, дәрігерлердің жалақысын 30%-ке, орта медициналық персоналдың және басқа санаттағы жұмыскерлердің жалақысын 20%-ке арттырып келеміз. Шамамен 2 мыңнан астам кәсіпорынмен жұмыс жүргізілді. Нәтижесі бойынша жұмыс берушілер 1 млн астам жұмысшылардың жалақысын 10%-тен 50%-ке дейін арттырды, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы