Смартфондардың миға пайдасы анықталды

16 Сәуір 2025, 12:36
1357
Бөлісу:
Смартфондардың миға пайдасы анықталды
Фото: BAQ.KZ

Цифрлық құрылғыларды тұрақты түрде қолданатын қарт адамдарда деменцияға шалдығу қаупі әлдеқайда төмен болады. Бұл туралы АҚШ-тағы Бейлор университеті мен Техас университетінің Делл медициналық мектебі жүргізген зерттеуде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғалымдардың жұмысы Nature Human Behavior журналында жарияланды.

Зерттеушілер 400 мыңнан астам адамның қатысуымен жүргізілген 136 ғылыми жұмыс деректерін талдаған. Нәтижесінде, компьютер мен смартфон секілді құрылғыларды үнемі пайдалану когнитивтік (танымдық) бұзылыстар қаупін 58 пайызға төмендететіні анықталған.

Бұл тұжырым көпшілік арасында кең тараған "гаджеттер миға зиян" немесе "сандық деменция" туралы пікірлерге қайшы келеді.

Технологиялар қалай көмектеседі?

Ғалымдардың айтуынша, цифрлық құрылғылар ми қызметін бірнеше жолмен жақсартады:
• Технологиялық резерв қалыптастырады. Құрылғыларды меңгеру, бағдарламаларды жаңарту немесе GPS навигациясын қолдану — бәрі де есте сақтау қабілетін, зейінді және ойлау дағдыларын шынықтырады.

Әлеуметтік байланыстарды нығайтады. Мессенджерлер мен бейнеқоңыраулар арқылы туыстарымен сөйлесетін қариялар өздерін жалғыз сезінбейді. Бұл – деменция қаупін арттыратын факторлардың бірі.

Тәуелсіз өмірді ұзартуға көмектеседі. 
Электронды күнтізбелер, онлайн-банкинг, еске салғыштар сияқты құралдар қариялардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, өз-өзіне сенімді болуына сеп болады.

Қарияларды оқыту маңызды.

Зерттеу авторлары үлкен кісілерді технологиядан шеттетпей, керісінше, оларды құрылғыларды дұрыс қолдануға үйрету қажет екенін айтады. Фото, күнтізбе сияқты қарапайым қосымшалардың өзін пайдалана білу — когнитивтік денсаулықты сақтауға ықпал етеді.

 

Өзгелердің жаңалығы