Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да 7 ұялы телефонды ауыр жүк көлігінің бортында құмға жасырып өтуге тырысқан, деп хабарлады altaynews.kz
ОВ 156/3 колониясының қызметкерлері мекеме аумағына тыйым салынған заттарды кіргізу деректерінің алдын алды.
Мекеменің өндірістік аймағына құм әкелген "Камазды" тексеру кезінде скотчпен оралған екі түйіншек табылып, тәркіленді, оның ішінде жеті ұялы телефон мен 5 сим карта анықталды. Түйіншектерді құмға асыра ойластырылған айламен жасырған, – деп түсіндірді мекеме бастығы әділет полковнигі Тілеуберген Көнекбаев.Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБК 481-бабы 1-бөлігі сйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құжаттар жиналуда.