Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

12 Маусым 2024, 09:20
1655
Бөлісу:
Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз
PHOTO
Фото: автордан

Өскемен қаласында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да былтыр "Лу Бань шеберханасы" ашылды. Бүгінде шеберханада студенттер білім мен машықтарын жетілдіріп жатыр. BAQ.KZ тілшісі білім ордасында қандай жаңа технологиялар енгізіліп жатқанын көріп келді.

Қытайлық "Жэньминь жибао" газеті мен қазақстандық БАҚ еліміздегі қазақ-қытай жобаларына бірлескен баспасөз турын өткізіп жатыр. Жоба аясында журналистер "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысады.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз
Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Бұған дейін БАҚ өкілдері Қостанайда орналасқан автокөлік зауытын аралап, өндіріс жайлы мәлімет алған болатын. 

Зауыт жұмысымен танысқаннан кейін журналистер Шығыс Қазақстанға қарай бағыт алды. Мұнда біз Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да "Лу Бань шеберханасын" аралап, оның негізгі миссиясымен таныстық.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Елімізде "Лу Бань шеберханаларын" ашу бастамасын былтыр мамыр айында Сианьда өткен "Орталық Азия – Қытай" саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин көтерген болатын.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

2023 жылдың желтоқсанында екі университеттің тығыз ынтымақтастығы арқасында "Лу Бань шеберханасы" ашылды. Яғни шеберхана Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастың "алтын 30 жылдығының" басталуының, "Бір белдеу, бір жол" бастамасының 10 жылдығының, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 65 жылдығының, Тяньцзинь кәсіптік институтының 45 жылдығының аясында ашылған.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану бөлімінің магистранты Сәкен Оралбек шеберхананың жұмысын таныстырды. Ол атап өткендей, шеберхана Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Қытайдың Тяньцзинь кәсіптік институтының бірлескен жобасы. Ол автомобиль, тасымалдау және жол қозғалысы саласына бағытталған.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

"Лу Бань шеберханасы" "Автомобильдердің инновациялық конструкциясы" және "Автомобильдердің SMART технологиясы" деген екі зертханадан тұрады. Орталықта студенттер практикалық дағдыларды меңгеріп, автомобиль жүйелеріне симуляциялық сынақ жүргізе алады. Ақылды шеберхананың бір ерекшелігі осында, - дейді студент.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз
Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз
Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Сондай-ақ орталықта электромобильдер мен гибридті көліктерге техникалық қызмет көрсету және диагностика жасау үшін жаңа технологияларды игеру ісіне айрықша мән беріледі.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Зертхананы Тяньцзинь кәсіби институты толығымен жабдықтаған.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

"Лу Бань шеберханасы" - Қытайдың кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық жобасы. Осыдан 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген Қытайдың ұлы шебері Лу Баньның есімімен аталатын жобаның мақсаты - кәсіптік-техникалық білім беру орталықтарын бірлесіп құру арқылы шетелдік техникалық оқу орындарына білікті кадрлар даярлауға көмек көрсету.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Бұл шеберханада студенттер тәжірибелік тұрғыдан білімдерін жетілдіре алады. Бакалавр, магистранттар практикадан өте алады. Жалпы университетіміз тәжірибеге бағытталған. Өйткені бізде өнеркәсіп көп. Сол себепті студенттер І курста теорияны өтіп, кейін зауыттарға барып өндірістік тәжірибеден өте алады. "Лу Бань шеберханасы" ашылғалы студенттердің осы салаға келуге қызығушылықтары артып келеді. Өйткені олар жаңа технологиялардың келіп жатқанын көруде, - дейді университеттің Ақпараттық саясат және медиа-коммуникация орталығының басшысы Қарлығаш Қасымова.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Оның сөзінше, университетке оқуға көбіне ШҚО, Абай облысынан келеді. "Серпін" бағдарламасымен түсетіндер де бар. Бірақ олардың көбі кадастр, металлургия сияқты мамандықтарға келеді.

Қарлығаш өз сөзінде оңтүстікке барып, өңірдегі балаларды мамандыққа қызықтыру үшін өз университетінде оқытылатын бағыттар жайлы таныстыратынын айтты.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

"Лу Бань шеберханасының" "Автомобильдердің инновациялық конструкциясы" бөлігінде электромобиль, бензинмен жүретін көлік және гибридті көліктер бар. Шеберханадағы жабдықтарды толығымен қытайлық серіктестер әкелген. Мұның барлығы оқуға, зерттеуге арналған көліктер. Демек студенттеріміздің ең соңғы, яғни заманауи технологияларды үйренуге мүмкіндіктері бар. Алайда студенттердің мәселе тек құрылыстарын зерттеуде ғана емес, басты міндет - көліктерге қызмет көрсету технологиясын зерттеу, - дейді университеттің профессоры Мұрат Мұздыбаев.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз
Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Профессор осы жобаның басты мақсаты - автокөліктерді жасайтын, жөндейтін мамандарды даярлау. Мұрат Мұздыбаев Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да білім алған студенттер басқа оқу орындары бере алмайтын білім мен машықты алып шығады деп есептейді. Себебі барлық ЖОО бірдей шеберханасын құрал-жабдықтармен жабдықтауға мүмкіндігі бола бермейді.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз
Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Бүгінде "Лу Бань шеберханасы" жобасы шеңберінде ШҚТУ білім алушыларын "Көлік, көлік техникасы және технологиялары", "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" білім беру бағдарламалары бойынша Engineering Practice Innovation Project (EPIP) инженерлік практиканың инновациялық жобасын оқыту әдісін қолдана отырып даярлайды.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Жобаны іске асыру үшін ШҚТУ-дың 15 оқытушысы 2023 жылдың 1-25 тамыз аралығында Тяньцзинь қаласындағы (ҚХР) Тяньцзинь кәсіптік институтының базасында оқудан өткен.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Бұл алдыңғы қатарлы автомобиль технологияларын үйренуге мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондықтан ол инженерлердің жаңа буынын дайындауға мүмкіндік береді.

Smart технология мен жаңа инновация: Автомобиль құрылысы шеберханасы жайлы не білеміз

Университетте 6000-нан астам студент оқиды, оларды даярлау кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. Соның арқасында жұмысқа орналасу 96% болып отыр. Атамекен рейтингінде бірінші орында. Өткен жылы QS WORLD және Times Higher Education әлемдік рейтингтердің қатарына кірді.

Өзгелердің жаңалығы