Димаштың жетістігін қайталаған қазақстандық "Славян базарында" Гран-при еншіледі

16 Шілде 2019, 11:47
4788
Бөлісу:
Димаштың жетістігін қайталаған қазақстандық "Славян базарында" Гран-при еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Славян базары-2019" халықаралық ән байқауында Гран-при жүлдесі мен 20 мың АҚШ доллар сыйақыны қазақстандық Әділхан Макин қанжығалады, деп хабарлады Zakon.kz.

Ол онсыз да 2 күн қатарынан ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, басқа қатысушылардан озып келген.

"Ол сөзсіз жеңді. Барлық жағынан үздік болды. Бұл – таза жеңіс!", - деді қазылар алқасының мүшесі Тамара Гварцателий.   

Оның орындауындағы Абай әні – "Көзімнің қарасы" беларусь көрермендерінің әбден есін шығарды. 

Айта кетейік, Әділхан 24 жастағы студент, ол Петропавл өңірінің тумасы. Қазір ол Алматыда Жүргенов атындағы Қазақ Өнер академиясында "Эстрада вокалы" мамандығын оқып жатыр. Бір жыл бұрын Әділхан қазақстандық X-Factor ән жобасының соңғы кезеңіне дейін жеткен. 

Жас әншінің айтуынша, "Славян базары" байқауына ілігудің өзі оңай емес. Ол оған дейін Қазақстанда 3 рет ұмтылыс жасап, тек биыл ғана жолы болыпты. 

Әнші "Шабыт" халықаралық байқауының (2013 ж.) II орын иегері, "Қазақстан дауысы" республикалық байқауының жартылай финалисі (2014 ж.), "Жас қанат" республикалық байқауының финалисі (2012 ж.), Alliance Francaise байқауының дипломаты (2012) болған.

Өзгелердің жаңалығы