Skype мессенджері жұмысын тоқтатады

Кеше, 16:25
600
Бөлісу:
Skype мессенджері жұмысын тоқтатады
Фото: Mateusz Slodkowski

Microsoft корпорациясы 2025 жылдың 5 мамырынан бастап Skype мессенджерін жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Microsoft компаниясы барлық күш-жігерін Teams қызметін дамытуға бағыттауды жоспарлап отыр. Skype 2011 жылы 8,5 миллиард долларға сатып алынғаннан бері әлемде танымал видеоқоңырау құралы болған.

Компания пайдаланушыларға Microsoft Teams платформасына көшуді ұсынады. Аккаунттардағы хабарламалар тарихы, контактілер тізімі мен топтық чаттар толық сақталады. Басқа сервистерді таңдағандар дербес деректерін, хат-хабарлары мен медиафайлдарын экспорттай алады.

Microsoft Skype пен Teams арасында хабарламалар алмасуды уақытша қолдайды. Бірақ мамырдан кейін Skype толықтай жұмысын тоқтатады.

Өзгелердің жаңалығы