Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері 12-15 қараша аралығында облыста өткізілген «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы уақыт аралығында облыс жолдарында 23 мас жүргізуші ұсталды. Олардың барлығы әкімшілік қамаққа алынып, көлік құралын басқару құқықтарынан айырылды, басым бөлігі жеті жылға. Бұзушылардың бірі масаң күйінде «Daewoo Nexia» автокөлігінде Ғ. Мүсірепов көшесі бойындағы үйлердің ауласында тоқтатылды. Жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрды. Медициналық куәландыру бойында алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесін көрсетті. Оның үстіне, тексеріс барысында 2017 жылы масаң күйде рөлге отырғаны үшін көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Автокөлігіне қайта отыруға құқық тек жеті ай бұрын берілген екен. Жазаланғанына жыл толмауына байланысты ендігі сегіз жылда көлігін тізгіндей алмайды.
Сондай-ақ, төрт күн ішінде патрульдер бұрын басқару құқығынан айырыла тұра масаң күйде қайта рөлге отырған үш жүргізушіні тоқтатты. Заң ондайларға бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салу және өмір бойына басқару құқығынан айыру жазасын қарастырады. Қатаң шаралардың өзектілігі айқын: СҚО-да 10 ай ішінде түрлі жол-көлік оқиғаларынан 30 адам қаза тапты, оның 5-і мас жүргізушілердің кесірінен. Жол-көлік оқиғаларына жол бермеу үшін жыл басынан жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Лишенник» сияқты сегіз іс-шара өткізілді, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.
«Мас жүргізуші» профилактикалық іс-шарасы кезінде жол жүрісі қағидаларының барлығы түрлі 1 763 бұзушылығы анықталды. 179 жүргізуші басқару құқығынсыз рөлге отырған, 119-ы жылдамдық режимін бұзған, 30-ы бағдаршамның рұқсат етілмеген түсіне өтсе, 19-ы жаяу жүргінші жолағында адамдарды өткізбеген.