СҚО-да жол сапасын анықтау мақсатында 331 тексеріс өткізіледі

26 Мамыр 2021, 14:48
2028
Бөлісу:
СҚО-да жол сапасын анықтау мақсатында 331 тексеріс өткізіледі

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Негізгі сынамалар жұмыс барысында алынса, кемшілікті уақытылы жоюға мүмкіндік мол болады дейді мамандар.

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Жолдыбай Тентековтің айтуынша, былтыр 313 рет құрылыс алаңдарына шығып, сынама алған. Нәтижесінде 319 кемшілік анықталыпты.

Жергілікті маңызға ие жолдарды жөндеу және күтіп ұстауға бақылауды күшейту негізінде тексерістерді тапсырысқа сай жүргіземіз. Былтыр 300-ден астам тексеріс өткіздік. Негізінен қиыршық тастың грануметриялық талаптарға сай келмеуі секілді олқылықтар орын алып жатады. Яғни шикізатты талапқа сай пайдаланбайды. Дәл осы талапты орындамаған 222 факті анықталды. Алынған сынаманың 35-інде жол сапасы талапқа сай еместігін анықтадық. Нәтижесінде бұл кемшіліктер жұмыс барысында жойылды, - дейді Жолдыбай Тентеков.

Сондай-ақ орталық қызметкерлері республикалық маңыздағы жолдарды тексеру кезінде 27 құрылыс алаңынан сынама алған. Бұл нысандарда да анықталған кемшіліктер дер кезінде жойылып, екінші қайтара оралмайтындай қылып, аяқтады дейді мамандар. Осындай тексерістер мен кемшілікті уақытылы анықтаудың пайдасы да осында. Яғни бақылаушының болуы жұмыстың сапасына оң әсер етеді.

Өзгелердің жаңалығы