СҚО-да сүттi қайта өңдеу үлесi 50%-ға дейiн өседi

15 Қазан 2020, 07:24
1272
Бөлісу:
СҚО-да сүттi қайта өңдеу үлесi 50%-ға дейiн өседi

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында сүттi қайта өңдеу үлесi 50%-ға дейiн өседi. Бұл туралы өңір әкiмi Құмар Ақсақалов «Маслодел» зауытындағы жаңа желiнi iске қосу жұмыстарымен танысу барысында айтты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«Маслодел» желтоқсан айында жаңа желiнi iске қосады. Қуаттылығы – 32 мың тонна. Инвестиция көлемi – 4,8 млрд теңге. 85 адам жұмыспен қамтылады.

Зауыттың қуаттылығы 88 мыңнан 120 мың тоннаға дейiн өспек.

«Маслодел» зауыты 70 өнiм түрiн шығарады. Енді қосымша желiнiң арқасында 8 жаңа өнiм түрi нарыққа шығады деп күтілуде.

Қазiр облыста сүттiң 46%-ы қайта өңдеуден өтеді. Жаңа желiнiң арқасында бұл көрсеткiш 50%-ға жетедi.

Бүгiнгi таңда облыс iрiмшiкпен өзiн 31% қамтамасыз етедi. Қазiр жылына 600 тонна өндiремiз. Жылдық сұраныс – 1700 тонна. Бұл дефициттi бiз «Молочный Союз» зауытының жаңа желiсi iске қосылған кезде жабамыз. Жаңа желi жылына 2500 мың тонна iрiмшiк түрiн шығаруға мүмкiндiк бермек. Өңiр нарығы iрiмшiкпен 100% қамтамасыз етiледi, - дедi Құмар Ақсақалов.

 



Өзгелердің жаңалығы