СҚО-да Ресей аумағында іздеуде жүрген азамат ұсталды

4 Сәуір 2021, 22:16
1090
Бөлісу:
СҚО-да Ресей аумағында іздеуде жүрген азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында патрульдік полицейлер Ресей аумағында жол-көлік оқиғасы үшін іздеуде жүрген өңір тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік полиция батальонының барлық экипажы заманауи байланыс техникасымен жабдықталған. 

Олар кез-келген уақытта ҚР ІІМ деректер базасына кіре алады. Қызылжар ауданының аумағында «Петропавл-Есіл» автожолында қызмет атқарып жүрген тәртіп сақшылары тексеру мақсатында «Audi» автокөлігін тоқтатқан. Тізгінде Шал ақын ауданының 28 жастағы тұрғыны болған. Құжатты тексеру барысында ер адамның халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Іздеуді Челябі облысы бойынша РФ ІІМ басқармасы жариялаған. 

СҚО тұрғыны бір адам зардап шеккен жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікпен іздеуде жүрген. Қызылжар ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұсталғаннан жауап алды, ресейлік әріптестеріне хабарлама жіберді.

Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізіліміне, деректер базаларына қосылған планшеттер патрульдік полицейдің жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттырады. Жыл басынан батальон қызметкерлері бағдар парағы бойынша 15 адамды, сондай-ақ халықаралық іздеуде жүрген бір адамды анықтады. 39 жүргізуші мас күйде ұсталды. Бұдан бөлек, 3 айдың ішінде патрульдік полицейлер 2 қылмысты ашуға қатысып, рұқсат құжатынсыз тыйым салынған заттарды және тауарларды заңсыз тасымалдаудың 58 фактісін анықтады. Оның ішіндегі 13-і – ет өнімдерін және соншасы мал тасымалдау фактісі , - дейді СҚО полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирі Ерлан Мәдиев.
Өзгелердің жаңалығы