СҚО-да МРТ аппаратына кезек 70 пайызға азаяды

30 Мамыр 2021, 13:38
4640
Бөлісу:
СҚО-да МРТ аппаратына кезек 70 пайызға азаяды

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық көпбейінді аурухананың онкологиялық орталығына қойылған медициналық құрылғы енді тәулік бойы жұмыс істейтін болды.

Яғни, таңғы сағат 08-00-ден түнгі 05-00 – ге дейін үш ауысымда қызмет көрсетеді. Облыстық көпбейінді аурухананың онкологиялық орталығының бөлімше меңгерушісі Ольга Пуксаның айтуынша бұл қондырғы адамның кез келген дене мүшесіне диагностика жасауға мүмкіндік береді.

Адамның бас миына, омыртқа мен мойынға, кеуде тұсына, беліне, қарынның көк етіне, жамбасына, және басқа да мүшелеріне зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Одан түскен бейне өте сапалы, бір сөзбен айтқанды аппараттың қауқары зор, - дейді ол.

МРТ аппаратының тәулік бойы жұмыс істеуі өңірдегі кезекті едәуір қысқартады дейді мамандар. Бір күнде, яғни 3 ауысымда 35 науқасқа қызмет көрсету жоспарланып отыр. Сақтандыру қызметіне тіркелген адамдарға тексерістен өту тегін болады.

Қазіргі күні тағы 2 жекменшік ұйымда осындай қондырғы бар. Бұл аппарат  іске қосылғаннан кейін кезекті 70 пайызға дейін қысқартамыз. Бүгінде диагностикаға жолдама берілгеннен кейін адамдар 2,5 ай кезекте тұратын, енді 20-25 күн тосатын болады, - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қадрахман Сақтағанов. 

Аппараттың құны 602 миллион теңге. Оны мемлекетттік- жекеменшік әріпетстік аясында сатып алған. Бұл соңғы 2 жылда жеткізілген осындай екінші шетелдік   қондырғы.

Талап бойынша әр 100 мың адамға 1 МРТ аппараты болуы тиіс. Бізде қазір үшеу ғана. Келесі жылы тағы екеуін сатып аламыз, оған қаражат бөлініп жатыр. Биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы медициналық мекемелерге қондырғы сатып алуға 3 миллиард теңге бөлінді. Жуырда екі бірдей компьютерлік тамограф жеткізіледі, олар облыстық аурухана мен облыстық балалар ауруханасына қойылады, - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Денсаулық сақтау саласын дамытуға арналған жұмыстар биыл да жалғасын табады. Соның бірі жас мамандарды тарту. Биыл облыстық оқу орнын аяқтаған  130 дәрігер келмек. Олардың ауылды жерлерге барып қызмет еткісі келетіндеріне 2,5 миллион теңге көлемінде көтермеақы  берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы