Скляр Бестөбе кен орнында болды

5 Қазан 2023, 17:30
725
Бөлісу:
Скляр Бестөбе кен орнында болды
Фото: BAQ.KZ - архив

Бірінші вице-премьер Роман Скляр Бестөбе кен орнында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін бірінші вице-премьер Роман Скляр бастаған мемлекеттік органдардың өкілдері Бестөбе кен орнына барды. Қазіргі уақытта мұнда әзірленген Жол картасына сәйкес кеніштің қызметін жерасты тәсілімен қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 21 тамызынан бастап шахтадан су айдау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда шахтадан 225 мың м3 су сорылды. Қазір шахтада шамамен 1,3 млн м 3 қалады.

Бұл жұмысқа 417 адам тартылған. Сонымен қатар, кеніш қызметкерлерін жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жақын арада кеніштің жұмысы қайта басталады.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ерекше бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы