Әскерилер елордада дезинфекция жұмыстарын жалғастыруда

6 Маусым 2020, 13:30
1423
Бөлісу:
Әскерилер елордада дезинфекция жұмыстарын жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Нұр Сұлтанда дезинфекция жалғасуда. 11 мамырдан бастап азаматтарға елордадағы саябақтарға, скверлер мен алаңдарға баруға рұқсат етілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондықтан жоғарыда аталған жерлердің аумақтарында мұқият дезинфекцияға үлкен мән беріледі
Дезинфекция жұмыстары тұрғын үйлерде, ойын алаңдарында, саябақтарда, скверлер және қалалық жағалауда жүргізілуде. Біз қоршауларды, орындықтарды, тротуарларды және т.б. мұқият өңдейміз. Қала тұрғындарынан денсаулықтың барлық стандарттарын сақтауын сұраймын. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында біз вирусты жеңе аламыз, – дейді "Столичная дезинфекция" ЖШС қызметкері Нұрғиса Ахметов. 

Елорданы өңдеу бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Барлығы 20 миллион шаршы метрден астам аумақ залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстары жаяу да, арнайы машиналар көмегімен де жасалуда. Дезинфекцияға Қарулы Күштердің биологиялық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері де қатысуда. 

Әлеуметтік нысандар, базарлар, сауда орталықтары, квартал ішіндегі аумақтар, аулалар, ойын алаңдары, үй кіреберістері және басқа да адам көп жиналатын орындар аумағы қарқынды өңделуде. Тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек: маска кию, қолды үнемі антисептикпен өңдеу, әлеуметтік қашықтық сақтау.



Өзгелердің жаңалығы