Әскери қызметшілер Моңғолияда өтетін байқауға қатысады

25 Шілде 2019, 19:10
1777
Бөлісу:
Әскери қызметшілер Моңғолияда өтетін байқауға қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әскери қызметшілер Армия халықаралық ойындары аясында өткізілетін «Әскери бәйге» байқауына қатысу мақсатында Моңғолияға аттанды. Бұл туралы Алматы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әскери бәйге – Халықаралық армия ойындарының құрамына биыл алғаш рет өткізілгелі жатқан жаңа байқау. Бұл ойын тамыз айында басталмақ. Бірақ команда жарыс өтетін жерді барлап, бейімделу үшін  он күнге бұрын шықты. Ерте шығудың да өзіндік мәні бар, моңғол аттарын шабыста сынап көру. Себебі жарыс шартына сәйкес аттарды конкурс өткізетін тарап береді.

WhatsApp Image 2019-07-25 at 19.01.23.jpeg

Қазақстаннан «Әскери бәйге» байқауына қатысатын команда шеберліктерін шыңдаған, мықты топ. Биыл елімізден армия ойындарына қатысатындардың ішінде бірінші болып жолға шыққан – осы команда. 

WhatsApp Image 2019-07-25 at 19.01.24 (1).jpeg

Қазақстандық әскерилер жарысқа бес ай бойы дайындалды.  Моңғолия Қарулы Күштерінің өкілдері биыл Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына бәйгені қосу жөнінде ұсыныс жасағанда, Қазақстан қатысушы ретінде бірінші болып өтініш жасады. Бұлай болуына бірнеше негіз бар. Еліміздегі таулы-егерлік бөлімше «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамында жиырма жылға жуық қызмет етіп келеді. Және Қарулы Күштеріміздегі жалғыз бөлімше.

WhatsApp Image 2019-07-25 at 19.01.24.jpeg

Бұл бөлімше «ер қанаты – ат» екенін жақсы біледі. Олар көп жыл бойы тұлпарды серік етіп,  түрлі тапсырмаларды орындап келеді. Сондықтан болар дәл осы бөлімшенің әскери қызметшілері команданың негізгі сапында. Олар бес ай бойы әскери бөлімнің базасында және оған тиесілі аттармен полигонда жаттықты. 
Ат құлағында ойнайтын жауынгерлерден құралған топты анықтау үшін іріктеу жүргізіліп, «Аравт әскери бәйгесі» байқауына барынша лайықты деп танылған шабандоздар қалды.

WhatsApp Image 2019-07-25 at 19.01.25.jpeg

Қазақстандық әскерилердің нағыз қарсыластары – сайыс өтетін жердің иелері моңғолдар, сонымен қатар, есе жібермейтін қырғыздар мен ресейліктер. Қалай болғанда да, ат десе делебесі қозып тұратын жігіттер осындай мықты қарсыластармен сайысқа түседі. Шын жүйрікті анықтау, уақыттың еншісінде.

Өзгелердің жаңалығы