Әскери қызметшілер баспаналы болды

30 Желтоқсан 2019, 23:32
3367
Бөлісу:
Әскери қызметшілер баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласындағы әскери қалашықта 96 пәтерден тұратын 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Әскери қызметшілерге кілттер салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, тұрғын үйлер әскери қалашықтарды дамыту бағдарламасы аясында тез салынатын үйлердің жеке жобасы бойынша салынған. Пәтерлер толығымен жабдықталған және тұруға дайын. Атап айтқанда, әдемі әрлеу, санитарлық техника құрылып, қажетті жиһаз бен тұрмыстық техника да бар. Тұрғын үйге қарасты аумақ та абаттандырылған. Аймақ бойынша жарық орнатылып, асфальт төселіп, аулада спорттық алаң, балаларға арналған ойын алаңқайлары мен орындықтар құрылған.

Әскери қызметшілердің әскери қалашыққа көшуі бөлімшелерді жұмылдыруға және жауынгерлік даярлықтарына оң септігін тигізеді. Атап айтқанда, тұрақты жауынгерлік даярлық бөлімшелеріне жататындар теңіз жаяу әскерлері мен әуе қорғанысына қарсы күштер үшін қолайлы болады.

Одан басқа, қызметтік пәтерді алған әскери қызметшілер ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің 50% көлемдегі мөлшерін алуды жалғастырып, жинақтарын толықтыра алады. Әскери қызметшілердің балалары үшін мектепке апарып, әкелу жағы қарастырылған және балабақша болады, - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде Қазақстан Қарулы күштерінде қызметтік тұрғын үй қорының құрылысы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Тұрғын үйді жалға алу мүмкіндігі шектеул,і алыстағы гарнизондарда құрылыс жүргізуге басымдылық беріледі.

Қызметтік тұрғын үй әскери қызметшіні және оның отбасын қызмет өткеру орны бойынша жайлы тұру жағдайларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


 

Өзгелердің жаңалығы