Әскери қызметшілер Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды

11 Қараша 2019, 23:38
2148
Бөлісу:
Әскери қызметшілер Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды қаласында жабық ғимаратта президенттік көпсайыс бойынша Қазақстан кубогі өтті, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Байрақты бәсекеде әскери спортшылар алдынғы орынға ие болды. Бес күн бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен 180-нен астам спортшы үздік атану үшін бақ сынады. Атлеттер төрт пән бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, спорттық винтовкадан ату, 100 метрге еркін жүзу, 60 метрге спринт және 3000 метрге шыдамдылыққа жүгіру.

Жарыс қорытындысы бойынша өздерінің жас топтары бойынша армиялық спортшылар Александр Горбачев (абсолюттік есепте 1-орын), Александр Исмаилов (абсолюттік есепте 2-орын) және аға лейтенант Максим Губарев чемпион атанды. "Күміс" жүлдені ефрейтор Ағыбай Нығыметов қанжығасына байлады. ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшылары Қазақстан Қарулы күштерінің қоржынына төрт алтын және екі күміс медаль салды.

Спортшылар арасындағы сайыс тартысты өтті. Армиялық спортшылар дене  дайындығы мен шеберліктері, кәсібилігімен көзге түсіп, лайықты өнер көрсетті. Чемпионат нәтижесі бойынша біздің балалар спорттық клубтар арасында  командалық бірінші орынға ие болды, - деді әскери көпсайыс бойынша ЦСКА командасының бастығы аға лейтенант Максим Губарев.


Өзгелердің жаңалығы