Әскери тігіншілер алты мың бетперде тікті

24 Сәуір 2020, 09:47
2053
Бөлісу:
Әскери тігіншілер алты мың бетперде тікті
Фото: автордан

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Үш апта ішінде "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының 40-шы "Отар" әскери базасында орналасқан тігін шеберханасында үш аптаның ішінде тігіншілер әскери қызметшілерге арнап көп реттік алты мың дана қорғаныш маскасын тігіп шықты.

40-шы "Отар" әскери базасының бастығы, полковник Талғат Оразалиевтің айтуынша, әскери шеберлер он мың метрден астам дәкені пайдаланып, алты қабатты бетперделер өндірген.

Біздің тігіншілеріміз уақытпен санаспай, қажымай жұмыс істеді. Алайда, олардың сонша күнгі еңбегі сол қорғаныш маскаларын пайдаланып жүрген әскерилердің зор алғысымен ақталды деп ойлаймын. Маскалардың алғашқы легі гвардиялық гарнизонның әскери бөлімдеріне таратылды. Сонымен қатар әскери лагерьде тұратын әскери қызметшілердің отбасыларына да берілді, - дейді полковник Талғат Оразалиев.

Маманның сөзіне қарағанда, шеберханада он екі әскери қыз-келіншектер тігін жұмыстарымен айналысып отыр. Олар жауынгерлердің дендерінің саулығы үшін уақытша қиындықтарға шыдамдылық танытудан шаршамайды.

Тігін цехының меңгерушісі Сания Көкежанова өздерінің қорғаныш маскаларын тігу арқылы әскери жолдастарына үлкен көмек көрсетіп жатқандарын сезінетіндігін айтады. Олар осылайша коронавирус дертімен күресуге өз үлестерін қосатындарына сенімді.

Соңғы он сегіз жыл бойы осы шеберханада жұмыс істеп келемін. Бірнеше жылдар бойы әріптестеріммен бірге көптеген киім үлгілерін өзгертуге атсалыстым. Ол өнімдерімізді гвардия гарнизонында біреудің үстіне жарасып тұрғанын көрген сайын, бойымды мақтаныш сезімі кернейтін. Енді міне, медициналық маскаларды тігуді де қолға алдық. Бұл біздің тәжірибемізде бірінші рет кездесіп жатса да, қысқа мерзімде көптеген бетперделер өндіріп үлгердік, - дейді Сания.

Шеберлер бетперделер ғана емес, сонымен қатар әскери дәрігерлерге арналған мақта матасынан жасалған ақ медициналық костюмдер де тігетінін айта кеткен жөн. Өте сапалы өндірілген бұл өнімдер төрт компоненттен тұрады: көйлек, шалбар, халат және шляпа.

Баскиім туралы бөлек айтқым келеді. Ол қазақтың ұлттық киімі саналатын кимешекке қатты ұқсайды. Дәрігердің басы мен иығын толық жауып тұрады. Бұл індетті тарататын вирустан қорғайды. Негізі біздің мақсатымыз камуфляж формаларын, жаяу әскерге арналған киімдерді, әскери техникаларға арналған қақпақтарға, танктерге қажетті шлемдерді, төсеніштерді, төсек-орындарды, салтанатты шерулерге киетін және басқа да әскери киімдерді тігу еді. Бірақ жұқпалы індеттің қауіпі ел ішіне жайылғанда, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы гвардиялық гарнизонының тігін шеберлері еш ойланбастан әдеттегі шаруасын ысырып, көпке қажет іспен айналысуға кірісіп кетті, - деп атап өтті цех меңгерушісі.
Өзгелердің жаңалығы