Әскери институт Тәуелсіздік күнін атап өтті

17 Желтоқсан 2019, 12:15
3356
Бөлісу:
Әскери институт Тәуелсіздік күнін атап өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында Тәуелсіздіктің 28 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты шара өтті. Бұл туралы РЭжБӘИИ баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған әскери институттың бастығы генерал-майор Асқар Мустабеков қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, мемлекет таңдаған жол патриотизм, бостандық пен демократия таңдауы екенін атап өтті.  
Бүгінде біз әртүрлі халықаралық деңгейде орын алып жатқан тарихи жайттардың куәгері боп отырмыз. Қауіпсіздік, экономика саласымен қатар білім және ғылым ынтымақтастығы да маңызды орында. Елімізде орын алып жатқан жағымды өзгерістер халықаралық аренада беделімізді арттырып, ірі бастамаларға жол көрсетіп келеді, - деді әскери ЖОО-ның басшысы. 
асас1.jpeg

 Салтанатты шара барысында қызмет бабында көзге түскен әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар тапсырылып, үздік қызметшілер грамота және сыйлықтармен марапатталды. Кейбір әскери қызметшілер кезекті әскери атаққа ие болды. Ресми бөлімінен кейін концерттік бағдарлама қойылды.



Өзгелердің жаңалығы