Өскеменге Татарстан дәрігерлері келді

19 Шілде 2020, 14:08
1148
Бөлісу:
Өскеменге Татарстан дәрігерлері келді

Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Татарстан Республикасынан келген дәрігерлермен кездесті. Аталған дәрігерлер тобы Өскеменге тәжірибе алмасып, коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуде көмектесуге келген, деп жазды altaynews.kz.

12 адамнан тұратын топтың ішіне пульмонолог, анестезиолог-реаниматолог, рентгенолог сынды мамандар және инфекциялық аурухана дәрігерлері мен қызметкерлері кірген. Осыған дейін облыс әкімі Даниал Ахметов Татарстан Республикасының Президенті Рустамом Миннихановпен аталған мәселе бойынша келіссөз жүргізген.
Шығыс Қазақстанда медицинаның дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Сатып алынған заманауи техникалар іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі індеттің алдын алу мақсатында сіздермен тәжірибе алмасып, жақсы көрсеткішке қол жеткіземіз деген сенімдемін, – деді Даниал Ахметов.
Келген мамандар 2 күн аралығында аудан және қала ауруханаларының дәрігерлерімен онлайн байланысқа шығып, кеңес беріп, жағдаймен танысады. Кейіннен осы ай соңына дейін әр ауданға бөілініп, дәрігерлерге көмектесетін болады.
Аймақтарыңызда коронавируспен күресу үшін өкпені жасанды желдету, оттегі концентраторлары сынды жабдықтар көптеп сатып алыныпты. Бұл дұрыс шешім. Жалпы екі елдің қолданып отырған әдіс-тәсілдері ұқсас. Алайда соның өзінде бірлесіп жаңа тәжірибе жинақтаймыз деп ойлаймын, – деді келген топтың жетекшісі, Татарстан Республикасы орталық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің бірінші орынбасары Марсель Миннулин.

Өзгелердің жаңалығы