Өскемендік оқушылар Бразилияда 10 медаль жеңіп алды

31 Қазан 2019, 18:17
1395
Бөлісу:
Өскемендік оқушылар Бразилияда 10 медаль жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендік 10 оқушы Бразилияда өткен білім сайысынан 10 медаль жеңіп алды, деп хабарлады Алтайньюс.

Халықаралық "Mostratec" білім көрмесінің аясында ұйымдастырылған ғылыми жұмыстар олимпиадасында 40 мемлекеттің 1 мыңнан астам оқушысы бақ сынаған. Өскемендегі "Нұр Орда" мектеп лицейінің 10 оқушысы математика, биология және ағылшын тілі пәні бойынша жоба қорғап, жеңімпаз атанды. , Білгір шәкірттер елге 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медальмен оралды.

"Біз математика пәні бойынша жоба қорғадық. Алтын медальді алғанда, қатты қобалжыдық, әрі қуандық. Бізбен бірге Бразилия, Аргентина, Турция елдерінен келген оқушылар жақсы нәтиже көрсетті", – дейді 10-сынып оқушысы Дария Исламбекова.

Айта кетуіміз керек, Қазақстаннан Бразилияға барлығы 31 оқушы барған. Ең көп медальді өскемендік оқушылар еншілеп отыр.

"Оқушылар үлкен бір тәжірбие жинады. Халықаралық додада топ жарған – жақсы, өзге ортамен пікір алмасау – одан да жақсы", – дейді "Нұр Орда"мектеп-лицейі директорының орынбасары Бекзат Мажитов.

Өзгелердің жаңалығы