Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскеменде биыл бес үлкен мұз айдыны жұмыс істейді, деп хабарлады Аltaynews.
Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің ақпаратынша, биыл белгілі демалыс орындары мен стадиондардағы мұз айдындары толықтай 16 желтоқсанда дайын болады. Олар "Самал" саябағы, "Комсомол" аралы, Этнопарк, "Титан" және "Алтай" стадиондары.
Бес мұз айдынның барлығында конькилер жалға беріледі. Саябақтарда сырғанақ та болады. Сондай-ақ ыстық тамақ пен шәй да ұйымдастырылады, – деді бөлім маманы.
Айта кетейік, бұдан бөлек осыған дейін 18 мектептің ауласында мұз айдыны құйылып келген. Биыл оған тағы алты мектеп қосылды. Олар: № 4, 13, 18, 24, 43 және Ахмер орта мектебі.
Спорт және дене шынықтыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абзал Мәулетхановтың айтуынша, мектеп аулаларындағы мұз айдының сапасы нашар болса, мектеп басшылығына шағым түсіруге болады.