Өскемендегі облыстық аурухана науқастарды тамақтандырудың жаңа тәсіліне көшті

9 Қаңтар 2020, 08:37
3398
Бөлісу:
Өскемендегі облыстық аурухана науқастарды тамақтандырудың жаңа тәсіліне көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай науқастар бұрынғыдай буфетке бармайды.

Ас-ауқатты медицина мамандары палатаға өздері әкеліп береді. Піскен ас суымауы үшін термоқорапқа салынады. Барлық санитарлық және диеталық талаптар қатаң сақталады. Ең бастысы – түрлі диагнозбен жатқан сырқаттар тамақтану кезінде бұрынғыдай аралас-құралас жүрмейді.Осылайша санитарлық-гигена талаптары  сақталады.

Бүгінде жаңа әдісті облыстық аурухананың кардиологиялық бөлімі қолға алған. Егер тиімділігін көрсетсе, бұл жоба аймақтағы басқа ауруханаларға да енгізіледі.
Мәселен, тыныс жолдары ауыратын науқастардың хирургия бөлімінде жатқандармен жалпыға ортақ буфетте бірге тамақтануы дұрыс емес. Сол үшін ас мәзірін әрбір бөлімдегі науқастың палатасына апарып беруді қолға алдық. Осылайша, санитарлық талапты күшейттік, - деді облыстық аурухананың бас дәрігері Төлеген Жігітаев.

Өзгелердің жаңалығы