Өскеменде жас аналар орталығы ашылды

20 Қыркүйек 2019, 10:20
1732
Бөлісу:
Өскеменде жас аналар орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жас аналар мен олардың бүлдіршіндеріне арналған клуб ашылды, деп хабарлады Алтайньюс.

Мұнда жас аналар бос уақыттарын өткізеді. Клубтың мақсаты – бала тәрбиесіне қатысты түрлі сауалдар бойынша әңгімелесу және тәжірибе алмасу.

"Сондай-ақ, мұнда жас отбасылар қолөнер шағырмашылығын үйреніп, спорттық жарыстарға, түрлі конкурстарға қатысады. Ортақ кездесулерге логопед, психолог, педиатр, косметолог және басқа да мамандар арнайы шақыртылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы