Өскеменде заңгерден тегін кеңес алуға болады

11 Маусым 2019, 12:35
2163
Бөлісу:
Өскеменде заңгерден тегін кеңес алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығында «Халық заңгері» атты акция өтеді. Заң өкілдеріне кез келген сұрақты қойып, жауап алуға болады. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.

Акция 12 маусым күні Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдерінің қатысуымен өтеді. Онда қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, отбасылық мәселелердің барлығына заң аясында кеңес беріледі.

Кездесу орыны: Қазақстан көшесі, 55 үй (С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 5-корпусы).

Уақыты: 14:30-17:30.

Өзгелердің жаңалығы