Өскеменде трамвай жолдарына темірбетон шпал төселеді

25 Маусым 2020, 07:15
1130
Бөлісу:
Өскеменде трамвай жолдарына темірбетон шпал төселеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі трамвай жолдарына темірбетоннан жасалған шпалдар төселеді, деп хабарлайды Altaynews.

Темірбетон шпалдар әзірге бір ғана учаскеде – Қазақстан көшесіндегі Қабанбай батыр көшесінен Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі аралықтағы рельс жолдарына төселмек. Мұнда қазір жөндеу жұмыстары басталды.

Өскемен қаласының Көлік компаниясы шпалдарды осы жуықта ғана алыпты. Бұл конструкция ұзақ мерзімге жарамды, механикалық жүктемеге төзімді болып келеді екен. Ашық және дербес трамвай жолдарында қолданылады.
Өзгелердің жаңалығы