Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС су шашып, жолдың шаңын басатын трамвайды шығарды. Бұл туралы altaynews.kz сайтында хабарланды.
«Жолғв су шашатын трамвай соңғы бес жылда мүлде тоқтаған еді. Бүгінде ол қайта жөнделді. Бұл трамвай күніне бес сағат жолға шығады», - деді қалалық әкімдіктің баспсөз хатшысы.
Айта кету керек, бұрындары бұл трамвай түнде ғана жұмыс істеген.