Өскеменде ерекше шырша пайда болды

27 Желтоқсан 2019, 02:22
3275
Бөлісу:
Өскеменде ерекше шырша пайда болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемендегі экология департаментінің қызметкерлері пластик бөтелкеден шырша жасап, ғимараттың алдына орнатты, деп жазды altaynews.kz.

Бөтелкелерді жинап, өңдеу арқылы эко-шырша жасадық. Адамдар бір сәт кез-келген қалдықтың бір кәдеге жарайтынын ойласа, - дейді ШҚО экология департаментінің баспасөз хатшысы Елена Полянцева.

"ЭкоВосток-Лидер" компаниясының директоры Динара Әкімжанова жаңа жылдан кейін ерекше шыршаны Павлодар қаласына жеткізіп, қайта өңдеуден өткізетінін айтты.

Айта кетейік, бұл эко-шыршаны жасауға 400-ден астам бөтелке жұмсалды.

Өзгелердің жаңалығы