Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс орталығындағы балабақшаларда орын жетпегендіктен 7 мыңнан астам бала кезекте тұр, деп хабарлады altaynews.kz.
Кезекте тұрған бүлдіршіндердің нақты саны – 7347. 1-6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі білім және тәрбиемен 73,6%-ға ғана қамтылған. Оның ішінде, 1-3 жас аралығындағы балалар - 40,7 %, 3-6 жас аралығындағы балалар - 99,9%, - делінген ақпаратта.
2019 жылы 355 орынға арналған төрт жаңа балабақша ашылған болатын. Соның арқасында кезектегі балалардың саны 9817-ден 7347-ге қысқарып отыр.
Биыл қалада 1400 орынға арналған 9 балабақша ашу жоспарланған.